Түркістан облысы-әйелдер ең көп тұратын өңір

07 Наурыз, 2019 141

Елімізде әйелдер ең көп тұратын өңірлер анықталды. Бұл мәліметті Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері редакцияның сауалхатында берген жауабында мәлімдеді. Комитеттің берген мәлімдемесі бойынша биылғы қаңтар айының статистикасына сүйенетін болсақ, Түркістан облысы - ең көп әйелдер тұратын өңірдің үштігіне кірді. Келтірілген мәліметтерге қарағанда өңірімізде 976 842 әйел тұратын көрінеді. Ал, көшті 1 028 926 әйелмен Алматы қаласы бастап тұр. Үшінші болып Қарағанды облысы ( 724 343 әйел ) кірді.

Артынша тізімде Шығыс Қазақстан облысы (720 648), Жамбыл облысы (571 076), Астана (560 738), Шымкент (525 701), Қостанай (458 394), Ақтөбе облысы (448 428), Қызылорда облысы (395 849) тұр.

Ал әйелдер саны ең аз өңір- Атырау облысы екен. Онда 321 291 әйел тұратын көрінеді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, еліміздегі әйелдер саны 9 482 374 болса, ерлердің саны 8 913 286 адамға жеткені айтылды.

Халықтың жұмыспен қамтылуына жүргізілетін іріктемелі зерттеу қорытындылары бойынша елімізде жұмыссыз әйелдердің саны 237,5мың адамға жетті. Яғни, жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайыз болды.

Ал басшылық лауазымдағы және мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны 148,9мың адам екен.

 Соның ішінде, әділет саласындағы қызмет және сот әділдігі бойынша экономикалық қызмет түріндегі қызметкер азаматшалардың  саны - 17 304 адам. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамассыз ету бойынша қызмет, экономикалық қызмет түрі бойынша қызмет ететін әйелдер саны- 13 296 адам.

Бұдан бөлек, еліміздегі әйелдер мен ерлердің жалақысының арақатынасы жайлы статистикалық мәліметке сүйенсек, бүгінде қазақстандық әйелдердің орташа жалақысы 121 795 теңге болса, ерлердікі - 179 575 теңге. Ал арақатынасы 67,8 пайызға тең екен.



Дереккөз: tengrinews.kz

Сурет: arasha.kz


Пікірлер(2)

Аружан (2019-03-07 22:13:53)

Өте керемет жазылған екен

Аруна (2019-03-12 09:57:27)

Пікір қосу