Бала неге өтірік айтады?

10 Наурыз, 2019 98

Қызық. Кейде кіп-кішкентай баламыздың өзі өтірік айтып, алдап тұрғанын көргенде <Мынау бесіктен белі шықпай жатып өтірік айтуды қайдан үйреніп алған?> деп байбалам саламыз. Шынында да, тілі енді шығып келе жатқан, әлі ақ-қараны ажырата алмайтын, оң мен солын танып үлгермеген бала алдауды қалай білуі мүмкін?

Бала білмейді емес,біледі. Неден дейсіз ғой?

Мамандар баланың өтірік айтуына ең бірінші себеп,ата-анасының баланы жиі алдауы деп түсіндіреді. Мысалы,

*Дүкенге бара жатқан анасы кішкентайына <Мен қазір дәрігерге барып келемін>дейді де,қалғандарына <Мен дүкенге бара жатырмын,үйді шашпай отырыңдар>дейді. Бала мұның бәрін естіп,көріп тұр...

*Әкесі жұмысқа бара жатып баласына:<Балам,мен жұмысқа барамын, ол жерге балалар баруға болмайды. Мен одан да саған кешке үлкееен машина әкеп берейін. Келістік пе?>дейді. Бала басын изеп қалады. Күні бойы машина күтіп жүрген бала кешке әкесінің қолына қарайды. Машина жоқ...

*Далада ойнап жүрген немересін түскі асқа кіргізе алмаған әжесі: <Жүр,мен үйге көөөп кәмпит әкеліп қойдым>,-дейді. Үйге келсе,кәмпит жоқ.

Міне, осындай алдаулар бала санасына өтірік айтуға, кезі келсе алдай салуға болады екен-ау деген сигнал береді. Әрине,өтірікті ешкім еріккеннен айтпасы анық. Көп ата-ана бұған мәжбүрлікпен барады. Алайда,біздің ең үлкен қателігімізде сол. Балаға қандай жағдай болмасын шындықты айтуымыз керек. Себебі,кейде балаға берген уәдені орындамаудың кесірінен олар да өтірік айтуға, алдауға бейім болып өседі. <Жаста берген тәрбие,жас қайыңды игендей>деген сөз бар. Сондықтан да ата-аналар өздерінің күнделікті өмірде көп өтірік айтатынын, соның бәрі балаға әсер ететінін ұққаны дұрыс.


                                                                                                                   Сурет: muslim.kz    


Пікірлер(1)

Кəдіржан Кəлменұлы (2019-03-10 20:16:57)

Өте дұрыс айтылған, баланы жастан!

Пікір қосу