Түркістандық Бибарыс топ жарды

11 Наурыз, 2019 35

Алматы қаласында өткен самбо күресінен 1999-2000 жылы туылған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында абсолюттік салмақта және өз салмақ дәрежесі бойынша түркістандық жас спортшы Бибарыс Әбідғани жеңімпаз атанып, арнайы тігілген «Ниссан» автокөлігінің иесі атанды.

Бибарыс жуырда ғана Атырауда өткен дзюдодан жастар арасында ҚР жекелей чемпионатында жеңімпаз атанған  еді.

Жас та болса талайларды өзінің шеберлігімен таңдай қақтырып жүрген Бибарыс Әбідағани Түркістандағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің тәлімгері.

Қазіргі таңда Дәурен Тәңірбергенов басқаратын мектептің үш бірдей спортшысы ел намысын қорғап жүр.

Пікірлер(0)

Пікір қосу