ЛАС-ВЕГАС: Қазақстандық ауыр атлетші әлемдік рекорд орнатты

11 Наурыз, 2019 35

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық ауыр атлет әлемдік рекорд орнатып, алтын медаль иеленді.

Лас-Вегас қаласында өтіп атқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бес спортшымыз ел намысын қорғау үстінде. Қазақстан құрамасына алғашқы алтынды 16 жастағы Сайрамкез Ақмолда әперген болатын.

Ал бүгін Қазақстан ауыр атлетика федерациясы сайыстың екінші күні 67 келіге дейінгі Сайхан Тайсуев қоссайыста 288 келі көтергенін (127 келі жұлқа көтеруде және 161 келі серпе көтеруде) хабарлады.

«Сонымен бірге Сайхан жұлқи және серпе көтеру жаттығуында кіші алтын медальді иеленді. Бұдан бөлек, Сайхан серпе көтеруде өзінің жас санатында жаңа әлемдік рекорд орнатты», - делінген федерацияның хабарламасында.

Пікірлер(0)

Пікір қосу