Балаңыз сізге көмектеседі ме?

12 Наурыз, 2019 106

Баланы жастайынан еңбекке баулу - бала тәрбиесінің ең маңызды бөлігі. Балаңыздың қандай да бір іске епті болғанын қаласаңыз кішкентайынан оны жұмысқа баулып үйретіңіз. Жалпы, баланы 3-4 жасынан бастап көмекші ретінде пайдаланған абзал.

Мысалы, ұл балаға:

балғаны алып кел

ойыншықтарыңды жина

бауырыңның бауын байлап бер

Ал,қыз балаға:

нанның бетін жауып қой

киімдеріңді әдемілеп бүкте

аяқ киімдерді жинап қой - деген секілді кішігірім жұмыстарды тапсырып,кейін оны міндетті түрде қадағалап отырсаңыз, бала сол іске әбден үйреніп,әдетке айналдырады. Әр істеген кішігірім ісі үшін оны мақтауды да ұмытпаңыз. Себебі, баланы мақтау,оған сенетініңді білдіру-баланың әр іске деген құлшынысын арттырып,өзіне деген сенімділігін күшейтеді. Халқымыз бала тәрбиесіне, оның ішінде баланы еңбектенуге үйретуге өте көп көңіл бөлген. Мысалы,ұл балаға ат ерттеуді, мал жайды баптауды,басқа да шаруаларды 6-7 жасынан бастап үйреткен. Ал, қыз баланы үй шаруасына, тамақтар әзірлеуге, кесте тігуге бейімдеп, олардың отбасындағы орнын солай ұқтырып отырған.

Құрметті, ата-ана! Сіз де балаңыздың еңбекқор,жинақы болып өскенін қаласаңыз оны кішкентайынан түрлі істерге жұмсап, сол арқылы балаңыздың жарқын болашағына үлес қосыңыз.


                                                                                                                       Сурет: qazaquni.kz

                                                                                                                           



Пікірлер(0)

Пікір қосу