"Әкең келе жатыр!"

13 Наурыз, 2019 111

Сәби үшін мерзімі бітпейтін ең мықты антивирус - ол анасы. Еркек - түздің адамы. Сондықтан бала көбінесе анасына жақын болып өседі. 

Бала көп нәрсені өзі қорытып, шешім шығара алмайтындықтан, барлық істе анасының айтқанына жүгінеді. Анасы жақсы көретін адамдарды автоматты түрде ол да жақсы көреді. Анасы біреуге өкпелеп қалса, бала жүрегінде де сол адамға деген реніш пайда болады. 

Егер әйел үйінде отырып күйеуін жамандай беретін болса немесе балаларының көзінше оған құрмет көрсетпесе, ертең балалары да дәл солай әкесін сыйламайтын болады. Оның сөзін жүрдім-бардым тыңдап, адам құрлы көрмейді. 

Ал ақылды әйел:

Әкең келе жатыр!

Қазір әкелерің келеді !

Әкең ренжиді

Әкеңнен сұран!

деген сөздерді жиі айтуы арқылы бала санасына әкеге деген ерекше құрмет пен сыйластықтың ұрығын егеді. Бүгін әкесінен қаймығып, керек кезде оның көзқарас, қабағынан тайсалып өскен бала ертең қоғамға опалы, үлкенді сыйлай алатын тәрбиелі, салмақты болып өседі әрі өзге біреуге емес, ең алдымен, өз әкесіне еліктейтін болады! Демек, бұл - бала тәрбиесіндегі ең ұтымды тәсілдердің бірі. Ана осы арқылы болашақ ер - азаматты, оттың егесі болар ірі тұлғаны қалыптастырып шығарады.


                                                                                                                                                                        Сурет: smule.com


Пікірлер(0)

Пікір қосу