Детоцентризм қандай әдет?

13 Наурыз, 2019 103

Қазіргі балаларда түңілу, мазасыздану жиі кездеседі. Депрессия жасарып жатыр. Яғни, балалардың өзі депрессияға ұшырап жатады. Балалардың көбісі жеңілуді білмей, бірден ашу - ыза көрсетіп, талпыныстары жоғалады.

Бақыт сезімін толықтай сезіне білу үшін, көңілдің түсуі қажет шығар, жылуды сезіну үшін суықты сезінген сияқты. Балаларымыздың әрдайым бақытты болуын қаласақ, қазір кейде жеңілулеріне, сүрінулеріне рұқсат берген жөн. Ертең есейгенде қиыншылықтарды өзі шеше алатын, жетілген бақытты тұлға болуы үшін бала кезінде керекті тәжірибе алғаны абзал. Өз ісін өзі істеп, өз қателігінің жауапкершілігін өзі алғаны жөн.

Мына сұрақтарға іштей жауап беріп көріңіз:

1. Балаңыз үйде дәптер, форма, басқа да заттарын ұмытып кетсе, сіз мектепке өзіңіз апарып бересіз бе?

2. 12 - 13 жастағы балаңызды мектепке өзіңіз апарып алып келесіз бе?

3. 5+ жастағы балаңыз тамақ ішіп болғаннан кейін ыдысын / киімдерін өзі жинай ма әлде сіз артынан жинап жүресіз бе?

Егер үш сұраққа да жауабыңыз "Иә" болса, онда балаңыз детоцентрилисті отбасында тәрбиеленіп жатқанын ескергейсіз, балаңызды тым қатты еркелетіп жүрген жоқсыз ба ойланып көріңіз. 


                                                                                                   Сурет: koketka-LiveJournal


Пікірлер(0)

Пікір қосу