Астана: Өрттің салдарынан қаза болған бес қызға арналған ескерткіш

15 Наурыз, 2019 72

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Естеріңізде болса ақпан айының үшінші жұлдызынан төртіне қараған түні Астана қаласы, «Көктал» алабындағы тұрғын үйде болған өрттің салдарынан бір үйдің 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген 5 қызы жан тапсырған болатын.

Бұл жайт барша Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырғаны анық.

Жақында «Астана: Не? Қайда? Қашан?»  тобында Айгүл Сералы өрттен қаза болған 5 қызға арнап ескерткіш орнату керек екенін жазды.

Бұл ұсынысқа әлеуметтік желідегі көптеген оқырмандар өз ойларын айтып, қаралы жағдайға ұшыраған отбасылар мен балаларға арнап ескерткіш орнатуды бір ауыздан құптады.

Сонымен қатар, қайғылы жайт болған күнді «Көп балалы отбасылар күні»  етіп жариялау жайлы ұсыныстар да айтылды.

Әзірге халықтың бұл ұсыныстары туралы мәжілісте ресми түрде ешкім хабарлаған жоқ.


Сурет: nur.kz

 



Пікірлер(0)

Пікір қосу