БАЛА ДАУЫСЫ: Қазақстандық бүлдіршін Ресей әншілерін бағындырды

16 Наурыз, 2019 48

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Ресейде өтіп жатқан «Бала дауысы» жобасында Алматылық Жан Маким есімді бүлдіршін көрмей тыңдау кезеңінен сүрінбей өтті.

Жас талант Стиви Уандердің джаз музыканты Дюк Эллингтонға арнаған «Sir Duke» әнін шырқады. Оның орындауы қазылар алқасының көңілінен шықты. Әсіресе, белгілі әнші Валерия Меладзеге Жанның әні ұнап, қызыл тетікті алғашқылардың бірі болып басты.

Пелагея мен Светлана Лобода өз сөздерінде орындалған әннің өте ауыр екенін, алайда, Жанның бұл әнді жоғары деңгейде шырқағанын атап өтті. Әр нотаға сәтті әрі таза түскенін айта келіп, Пелагея өзінің бұлай орындай алмайтынын айтып, таңдайын қақты.

Жан Маким өзінің джаз бен поп жанрын жақсы көретінін айтып өтті.

Естеріңізде болса, бірнеше апта бұрын 11 жасар Оралдық Ержан Максим да бұл жобаны бағындырған болатын.

Енді екі қазақстандық жас талант та Валерия Меладзенің тобында болып, жобадағы жолдарын жалғастыратын болады.


Пікірлер(0)

Пікір қосу