Назарбаевтың ендігі кабинеті қайда?

20 Наурыз, 2019 115

Белгілі саясаттанушы Ербол Еділов  өзінің инстаграм парақшасында президенттіктен кеткен Назарбаевтың ендігі кабинетінің қайда ауысатынын хабарлалады.

"Белгілі бір дереккөздерге сүйенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы Ақордағы кабинетін тастап, Тұңғыш Президент кітапханасындағы кабинетіне қоныс аудармақ. Аталмыш кабинет тұтас бір қабатты алады екен. Соңғы жылдары Назарбаев аптасына бір рет осы жерге келуді әдетке айналдырған" деп жазады Ербол Еділов.


Тұңғыш Президент кітапханасы Мемлекет басшы­сының орталығы болып тұрға­нымен ерекше. Яғни, бұл мекеме кітап­хана, мұрағат қызметімен тікелей айна­лысса да, қызметтік сипаты әдеттегі көп­шіліктік кітап­ханалардан өзгеше. Өйт­кені, бұл ны­сан – Елбасының жеке кітап­ханасы, жеке мұрағаты. Президенттік кітапханалардың тарихына үңілсек, біздегідей тәжірибе АҚШ-та ғана, оның өзі бір-ақ рет орын алыпты. Би­лік басында отырған кезінде Франклин Руз­вельт өзінің президенттік орталығын жа­сақтаған. Соның негізінде кейін оның есі­мі­мен аталған кітапхана-мұражай бой көтерген-ді. Елбасы кітапханасы орналасқан кешен – Астана қаласының мақта­нышына айналған сәулеттік туын­дылардың бірі деп толық сеніммен айта аламыз. Ғимарат 2013 жылы британиялық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша салынған. Жалпы аумағы – 28 мың шаршы метрден астам. Ғимарат аспанға, яғни ұшар биікке ұмтылған көз жа­на­ры тәрізді. Ол өзіндік зәулім де қайта­ланбас сыртқы келбетімен Қазақ елінің қарыштап даму бағдарын, өмірлік жолын, қуатын көрсетеді. 

Дәл осы аталмыш ғимаратқа енді Назарбаевтың кабинеті қоныс аудармақ.

                                                                                                                                                                                                                     Дереккөз: egemen.kz

Пікірлер(0)

Пікір қосу