НҰРСҰЛТАН: Кісі есімімен аталған астаналар

20 Наурыз, 2019 467

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми ант қабылдау рәсімінің соңында жаңа президент елордамыз Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" етіп өзгерту жайлы ұсынысын білдірді.

Астананы тәуелсіз елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен атау – соңғы кезде көп айтылып жүрген мәселенің бірі. Осыған дейін парламент депутаттары бұл туралы бірнеше мәрте бастама көтерген еді. Алайда Елбасының өзі оң рай танытпағандықтан тек ұсыныс ретінде қалған болатын. Бұл жолы Астана қаласының атауын өзгерту жайлы ұсыныс ресми түрде қабылданып, бірнеше сағаттан кейін "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бүгіннен бастап Елордамыз - Нұрсұлтан қаласы болатынын хабарлады.

Қала-қалашықтар мен аймақ-облыстарды белгілі бір тұлғаның есімімен атау әлемнің көптеген елдерінде бар дәстүр. Осымен Нұрсұлтан қаласы әлемде адам есімімен аталған оныншы астана ретінде саналып отыр.

«Нұрсұлтан»

Қазақстан Республикасының астанасы. Қала атауы - елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметіне 2019 жылдың наурыз айының жиырмасыншы жұлдызы өзгертілді. Бұған дейін еліміздің астанасы - Астана қаласы болып аталып келді.

«Вашингтон»

Америка Құрама Штаттарының астанасы осы елдің тұңғыш президенті Джорж Вашингтонның құрметіне аталған. АҚШ-та Вашингтон аттас штат та бар болғандықтан, астанасын Вашингтон Колумбия округі деп те атайды.

«Париж»

Нью-Йорк, Лондон, Токио қатарлы әлемдегі ең үлкен 4 мегаполистің бірінен саналатын Париждың кем дегенде 15 ғасырлық тарихы бар. Жаңа эраның 4 ғасырында негізі қаланған қаланың атауы неге Париж дегенге келсек, сол дәуірдегі дәстүр бойынша қаланың атауы ержүрек, батырдың құрметімен аталады екен.

«Сантьяго»

Чили астанасы Сантьяго (немесе Сантьяго де Чили) теңіз деңгейінен 540 метр биіктікте орналасқан. Чили халқының үштен бірі мекендейтін қаланы жан-жағын айнала мұзарттар қоршаған. Бұл сипатымен ол біздің Алатау бөктеріндегі Алматымызға көбірек ұқсайды. Ал қала аты Испания әскерінің рухани қорғаушысы, миссионер Сантьягоның құрметіне қойылған деседі.

«Сан-Марино»

Сан-Марино – тау бөктерінде орналасқан мемлекет. Италия құрсауындағы ол – дүние жүзіндегі шағын мемлекеттердің бірі. Жер көлемі жағынан есептесек, еліміздің Ақтау қаласынан да кіші. Мемлекет әрі астанасы осы елдің қазығын қаққан Марино атты адамның құрметіне қойылған. Ал «Сан» кейіннен жалғанған, қасиетті деген ұғымды білдіретін титулды атауы.

«Джорджтаун»

Гайана Оңтүстік Америкада орналасқан, жерінің 90 пайызын джунгли ормандары көмкеріп жатқан ел. 1498 жылы Колумб құрлықты ашқаннан кейін, Еуропадан қоныс аударушылардың легі толастамады. Онан кейінгі 300 жылдықта ілгерінді-кейінді Ұлыбритания, Нидерланд, Франция елдерінің отары ретінде талауға түсті. 1814 жылы үш отарлаушы елдің өзара келісімінен кейін Гайана ресми түрде Ұлыбритания меншігіне айналды. 1966 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді.

«Коломбо»

Колумбтың есімімен байланысты тағы бір мемлекет – Шри-Ланка. Бұл да Гайанамен тағдырлас ел. Бастапқыда 1517 жылы португалдар тарапынан отарланып, кейіннен 1656 жылы голландықтар, одан соң 1796 жылы ағылшындарға бағынышты болған. ХХ ғасырда Ұлыбританияның алапаты қайтқаннан кейін өзге отар елдер сияқты 1948 жылы тәуелсіздігіне қол жеткізді.

«Валлетта»

Валлетта – Жерорта теңізі аймағындағы арал мемлекет Мальтаның астанасы. Мальта ұзақ уақыт гректердің, римдіктердің, Византияның, Араб халифатының билеуінде болған арал.

«Веллингтон»

Веллингтон 1865 жылдың шілдесінен Жаңа Зеландияның астанасы мәртебесіне ие. Оған дейін бұл елдің астанасы Окленд еді. Оңтүстікте алтын өндірісінің жедел дамуы олардың өз алдына отау болып бөліну қаупін тудырғандықтан ел үкіметі астанасын Веллингтонға ауыстырды. Ал Веллингтон Ұлыбритания теңіз күштерінің генаралы, ақсүйек князь Артур Вэлслидің құрметіне аталыпты.

Морсби порты

Папуа-Жаңа Гвинеяның астанасы атанып отырған портты қаланы ең алғаш 1873 жылы ағылшын теңіз шолғыншысы Джон Морсби ашқан еді. Өз әкесі адмирал Фэйрфакс Морсбидің құрметіне Морсби порты деп атаған осы қала арал бөлігімен бірге 1884 жылы Ұлыбританияның құрамына қосылды. 1875 жылы тәуелсіздік алғанымен, елдің астанасы Морсби атауы әлі қолданып келеді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу