МОЗАМБИК: Апаттың салдарынан 447 адам ажал құшты

26 Наурыз, 2019 51

Turkistan.kz ақпарат порталы. Мозамбиктегі "Идай" тропикалық циклоны салдарынан бір миллионға жуық адам зардап шекті.

Төтенше жағдайлар министрі Сельсо Корреианың хабарлауынша, апаттың салдарынан баспанасыз қалған 110 мың адам құтқару лагьерлерін паналап отыр. Ресми мәлімет көзіне жүгінсек, осы уақытқа дейін 447 адам су тасқындары және қатты дауылдың кесірінен қаза тапқан.

Мемлекет басшысы Филипп Ньюс ел көлемінде қаза тапқандарды еске алу мақсатында 3 күндік ұлттық аза жариялады.

Пікірлер(0)

Пікір қосу