Мінез - құлық туралы ой - тамшы ұсынамыз

26 Наурыз, 2019 94

Біздің халық ат жарыстырады, бір елдерде ит таластырады, қораз шоқыстырады. Бұл да мінез. Ендеше, назарларыңызға мінез – құлық турасында нақыл сөздер ұсынамыз.


Қытайдың бір ақылгөйінен сұрапты. Жұмсақ өміршең бе, қатты өміршең бе?-деп. Жұмсақ, - депті де тілін көрсетіпті. Ал, тісім жоқ.


«Кішкене кілт үлкен сандықты ашады»

                                            Р.Гамзатов


«Ашу тасыса ақыл төгілер», - дейді халқымыз. Көңілде кірбің қалмасын десең ашуланба. Қайнаған судан шәйнектің қабырғасына қақ тұратынын білесің бе? Ашуланып, түтіккенің, ашуланған  себебіңнен де зиян. «Ашу пышақ болғанда, ақыл – таяқ, кемиді сол таяғың жонғаннан соң», - дейді Ақмолла ақын. «Бабаңнан жүз жас үлкен бол, Балаңнан жүз жас кіші бол», - дейді  М ұзафар Әлімбаев.


«Мінез, құлық – әркім өзінің кейпін көрсететін айна»

                                          Гете


«Өзіңе тілемеген жамандықты басқаға да тілеме. Өзіңе тілеген жақсылықты басқадан қызғанба»

                                         Ғабиден Мұстафин.


Ашумен басталған іс ұятпен тынады.


Шыдамсыз болма. Шыдамсыздарға қымбатқа түсетін нәрсені шыдамдылар тегін пайдаланады.


«Ненің қызығын көп іздесең, соның азабын бір тартарсың.»

                                               Абай


Қалай сөйлеуді үйрену қаншалықты керек болса, қалай, қай жерде сөйлемеу соншалықты керек.



Пікірлер(0)

Пікір қосу