ТОҚАЕВ: Кезектен тыс Президент сайлауы өткізіледі

09 Сәуір, 2019 86

Тurkistan.kz ақпарат порталы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ кезектен тыс Президент сайлауы өткізілетінін мәлімдеді.

Мұндай шешімге ол Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВпен ақылдасып отырып келгенін тілге тиек ете кетті. Жаңа сайлау 9 маусым күні өткізіледі.

«Бұл шешімді қабылдар алдында Нұрсұлтан ӘБІШҰЛЫМЕН кеңестім. Конституциялық кеңес, парламент спикерлері, үкімет басшыларымен кездестім. Саяси партия басшыларын да қабылдадым. Президенттік сайлаудың таза, әділ әрі ашық өтуіне кепілдік беремін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер(0)

Пікір қосу