Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі медициналық кластер

03 Наурыз, 2019 80

Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті- Қазақстан Республикасындағы жоғары білім беретін жетекші білім ордасы. Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің мақсаты отандық және шетелдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, әлемдік білім беру кеңістігінде орын алатын, қолданбалы және іргелі зерттеулерді дамытып, оларды өндірісте қолдануға өз үлестерін қосатын жоғары маман иелерін дайындау болып табылады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - Қазақстандағы жоғары оқу орындары арасындағы рейтинг бойынша алғаш тұрған, елімізде ең алғаш Қазақстан Республикасының Президентінің “Сапа бойынша жетістігі үшін” сыйлығының лауреаты, өнімдер мен қызметтердің сапа бойынша жетістігі үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұсынған сыйлықтың дипломанты атанған бірден-бір оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық университтер бірлестігінің мүшесі және Евразиялық университтер бірлестігінің тең құрылтайшысы болып табылады, сонымен қатар Қазақстандағы бірінші және Орталық Азия елдері Болонье қаласындағы Ұлы Хартия Университтері келісім шарт жасаған жоғары оқу орны. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ біліммен, ғылыммен, рухани-тәрбиемен, инновациялық және өндірістік потенциалмен қамтамасыз ете алады.

Университтің құрамында факультет, 63 кафедра, 20 ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттары, технопарк іске қосылған; 2 мыңға жуық профессорлар, докторлар, ғылым кандидаттары және философия докторлары, 100-ден аса ірі академиялардың академиктері, 30 –ға жуық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, 30-дан аса Мемлекеттік лауреаттар және ҚР таңдаулы сыйлықтарының иегерлері, 40 жас ғалымдар сыйлығының иегері, 45 мемлекеттік ғылыми шәкіртақы иегерлері жұмыс жасайды. Университет қабырғасында 18 мыңға жуық студенттер мен магистранттар жоғары деңгейлі жүйе бойынша кәсіби білім алады. Университет 418 ірі халықаралық жоғары оқу орындарымен халықаралық білім бағдарламасын жүзеге асыруда, студенттер ауыстырып білім беруде және тәжірибелер өткізуде бірлесіп жұмыс жасауда.

2015 жылдың желтоқсан айында Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімінің негізінде университет жаңа қадам жасады - Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі (ҚДЖМ) –медициналық факультетін ашты. Университетте халықаралық стандарттар және жаңа ғылыми жетістіктердің негізінде медициналық кадрларды дайындаудың барлық білім беру бағдарламасын ашуды көздеп отыр – бакалавриат, магистратура, резидентура, докторантура. Сондай - ақ, денсаулықты сақтау мен жақсартудағы бағдарламаларды жүзеге асыратын бизнес өкілдері мен әртүрлі саладағы және секторлардағы мамандарға кәсіби білім беру қарастырылып отыр.

ҚДЖМ ҚазҰУ он бесінші факультет болып табылады. ҚДЖМ білім беру бағдарламсының негізінде Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау салласындағы жоғары жетістіктерге жеткенін ескере отырып сол жақтағы үздік меициналық университеттердің медициналық бағдарламаларын алды. ҚазҰУ медициналық білім берудегі басты серіктестері – Сеул және Йенс университеттері болып табылады. Олар Оңтүстік Кореядағы үздік үштікке және Азия мен әлемдік деңгейдегі топқа кіреді.

ҚДЖМ білімдік, ғылыми- әдістемелік, эксперт- консалтингті, кеңесші-диагностикалық және халықаралық алаң болып табылады. ҚДЖМ қызметінің негізгі бағыты- Қазақстанның жалпы денсаулық сақтаушы және Орталық Азия елдері үшін де қызмет ететін мамандар дайындау болып табылады.

Бұл қызметке Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық саясаты жетекшілік етеді. Ол ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттанрына сәйкес болады.

Оқу орындары арасындағы халықаралық келісім-шарттар негізінде шетелдік студенттер медициналық кадрларды дайындауда осы оқу орнында еркін білім ала алатын болады. Шетелдік профессорлар жаңа технологиялар мен инновацияларды денсаулық сақтау облысы мен медициналық админстрацияны ұйымдастыруды қолдануда дәрістер мен шеберлік сыныптарын өткізіп отырады. Халықаралық бірлестіктер шеңберінде ҚазҰУ қазірден-ақ болашақ мамандар және магистранттар мен доктаранттарды оңтүстік кореялық университеттерде дайындау мен бірлескен түрде мағызы жоғары медицинаның және жалпы денсаулық сақтаудың ғылыми – зерттеу жобаларын жүзеге асыруды бастап кетті.

ҚазҰУ ҚДЖМ қысқа уақыт аралығында жаңа білім бағдарламасын ашты, ол “Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент” болды, сонымен қатар “Жалпы денсаулық сақтау” мамандығы магистратура бойынша білім лицензиясын алды, “Хирургиялық аурулар”, “Стоматологиялық басқарулар мен дамытудың көмектері” кафедралары ашылды.

2016 жылдың қыркүйегінде ҚДЖМ ACQUIN агенттіктерінің халықаралық Аккредитациясынан өтті, оның ішінде ҚР білім бағдарламасының “Физкультура және спорт” мамандығы бойынша Ұлттық реестр бар, 2016 жыл қараша мен 2017 наурыз аралығында – ASIIN агенттігінің халықаралық аккредитациясынан өтті.

2016 жылдың тамызында “Физкультура және спорт” кафедрасының студенті Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.

2016 жылдың қыркүйек айында “Жалпы денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау саласы менеджменті”, “Медициналық- профилактикалық іс” мамандықтары бойынша магистранттарын ең алғаш рет іріктеді, барлығы 108 магистранттар болды. 2017 жылдың ақпан айында факультетте “Спорттық медицина және реабилитация” кафедрасын, сәуір айында “Нутрициология” кафедрасы ашылды.

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ҚДЖМ «lifelong learning» атты үзіліссіз білім ұсынады. Білім беру жүйесінің берілген стратегиясы 30 жыл бұрын пайда болған. ЮНЕСКО, ОЭСР және Еуропа кеңесі айтылған бағытты дамытуға күш салуда. Бұл ұйымдардың өкілдері білім орта және жоғары біліммен шектеліп қалмауы тиіс деп есептейді. Осы тұрғыда халыққа білім берудің жаңа технологиясын үйретуге, дипломмен білім алуға белсенді түрде дамытуға, ұйымдасқан білім мен тілдік дайындықтарды меңгерту кезіндегі қиыншылықтарды ескерген жөн.

Біздің күнімізде мамандарға өмір бойы кәсіби білім алуда өзін шыңдап отыруы керек. “Өмір бойы білім алу” идеясы білім берудің жаңа әдістері мен білім берудің технологиясын іздеуге мүмкіндік береді. Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ҚДЖМ білімдік, ғылыми- әдістемелік, эксперт- консалтингті, кеңесші-диагностикалық және халықаралық алаң болып табылады: жалпы денсаулық сақтау және тәжірибелік денсаулық сақтаудың мамандарын дайындау үшін барлық деңгейді дайындау үшін (бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура) және олардың кәсіби компетенцияларын арттыру мақсатында; тұрғындар үшін білімді арттыру және гигиеналық, эпидемияға қарсы дағдыларды үйрену үшін; денсаулықты сақтау мен жақсарту мақсатында жасалып жатқан жобаларды жүзеге асырушы мамандар мен басқа саладағы ұйымдар үшін; жалпы денсаулық сақтау мен басқа да санитарлық талаптарға сәйкес жұмыс жасайтын орта және кіші бизнес үйымдары үшін жұмыс жасайды.

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-де 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап “Smart Health” медициналық орталығында жұмыс жасайды, Оңтүстік Кореядағы Кангнам Северанс клиникасының дәрігерлері студенттері мен оқытушылардың денсаулығын сақтау мақсатында жұмыс жасайды. Орталық «Керемет» деген студенттерге қызмет көрсетуші университет кампусында орналасқан. Ол орталықта Оңтүстік Кореяның Кангнам Северанс клиникасында тәжірибеден өткен қызметкерлер қызмет етеді. Терапевтер, педиатр, хирург, офтальмолог, отоларинголог, неврапатолог, кардиолог және басқа да мамандардан тексерістен өтуге болады.

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ барлық салада бірлесіп, оның ішінде медициналық бағытта жұмыс жасауға дайын.

Абылай Бекқажиев

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

1-курс магистранты

Тарих-педагогика мамандығы


Ғылыми жетекшісі:

Үдербаева Сәуле Кәрібайқызы,

Әл- Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті



Пікірлер(0)

Пікір қосу