Жастар жұлдыздармен жүздесті

06 Наурыз, 2019 305

Бүгін қала жастары қазақ эстрадасының жарық жұздыздары Еркін Нұржанов және Бағлан Әбдірайымовпен жүздесті. Көпфункционалды жастар орталығында өткен кездесуде екі тарап арасында ашық пікір алмасу  көрініс тапты.

«Әркім өзіне кажетінше өмірден өз керегін алуға тиіс. Армандаңдар, жоспарлаңдар, әрекет етіңдер! Мақсатты жүзеге асыру осыған тәуелді. Араларыңда әнші болғысы келетіндер де бар әрине. Еңбектеніңдер, халық бағасын беріп, ел қошеметіне бөленетін күндерің де туар әлі», - деді әнші Еркін Нұржанов.

Жастардың  сауалдарына жауап берген қос жұлдыз жеке өміріне қатысты жайттарды жария етті. Ән қоржынындағы танымал әндерді де орындап, қошеметке бөленді.

Орта арнаулы оқу ордаларының студеттері мен мектеп оқушылары  өнерпаздардың әсерлі әңгімелерінен ой түйгенін, қарапайымдылық қасиеттің қашанда қадірлі екеніне тағы көз жеткіздік дейді. 

Еркін форматта өрбіген басқосуға мүмкіндікті сыйлаған облыстық және қалалық «Жастар ресурстық орталықтары». Мамандардың сөзінше, бұл үрдіс алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.




Пікірлер(0)

Пікір қосу