Әлемдегі ең қымбат көлік таныстырылды

07 Наурыз, 2019 312

1909 жылы Этторе Бугатти негізін қалаған франциялық Bugatti компаниясы 110 жылыдық мерейтойына байланысты соңғы үлгідегі жаңа автокөлігін таныстырды.

Voiture Noire моделінің презентациясы Женева автосалонында өтті. Аталған нұсқасы 11 миллион еуроға бағаланған. Сөйтіп әлемдегі ең қымбат автокөлік атанды.

"Біз ежелгі дәстүрлер, Франция мен Жан Бугатти шығармашылығына құрметпен қараймыз. Сонымен бірге біз ерекше технологияның көмегімен сұлулық пен адамның миына симайтын әсемдікті жаңа дәуірге көшіруді көздейміз", – дейді Bugatti президенті Стефан Винкельманн.

Жалғыз данамен шығарылған көлік түрі таныстырылымнан бұрын сатылып кеткендігі мәлім болды. Ал, француз темір тұлпарын тізгіндеген бақытты жанның есімі құпия күйінде қалып отыр.

Көлікке 8 литрлі, 16 цилиндрлі қозғалтқыш орнатылған. Оның қуаты 1500 ат күшіне ие. 100км/сағат жылдамдыққа 2 секундтан аса уақытта жетеді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу