АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

07 Наурыз, 2019 293

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өңіріміздегі аналармен кездесті. Мерекелік күннің құрметіне құттықтау сөз сөйлеген ол «Әйел заты әлемге шуақ сыйлаушы жан» деген жылы лебізімен бөлісті.

«Әрбір перзенттің парызы алдымен ана сүтін ақтап, ардақты анаға қамқорлық жасау. Асыл жандар Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – «Аналар күнімен» шын жүректен құттықтаймын! Барлық шаңырақтың отанасы бақытты болса, онда тұтас мемлекет бақытты деген сөз. Өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын», - деді Өмірзақ Естайұлы.
Аймақ басшысы облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларға сый-сияпат ұсынып, Алғыс хаттармен марапаттады.
Нәзік жандылар айтулы күннің құрметіне жайылған дастарханнан дәм татып, жиын соңы ән шашуға ұласты,- деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.



Пікірлер(0)

Пікір қосу