Қазақстандық кинодағы 10 мықты әйел образы

08 Наурыз, 2019 207

Көпшіліктің пікірі бойынша сегізінші наурызда қыздарға гүл, сыйлық беру, сондай-ақ олардың «шынайы әйелдік қасиеттеріне», яғни сұлулығына, нәзіктігіне, жұмсақтығына тамсану дәстүрге айналған. Көпшілігі бұл күннің әйелдерді кемсіту мәселелеріне назар аударып, олардың құқығын қорғау үшін митинг өткізуге таңдалған күн екенін ұмытып кетеді. Сондықтан, бүгін отандық кинематографиядағы қызықты әрі мықты әйел бейнелерін назарларыңызға ұсынамыз.

"Мәншүк туралы жыр"

Мәншүк Мәметованың есімін әр қазақстандық біледі. Өзінің соңғы шайқасында 72 фашистің көзін жойған пулеметші. Ол Кеңес Одағы Батыры атағын алған алғашқы қазақ қызы. Мәжит Бегалиннің кинокартинасы қаһарман қыздың өмірінің соңғы күндерінен сыр шертеді.

"Вонг ханымның құпиялары"

Вонг ханым – қарақшылар империясының патшайымы. Оның тұлғасы жұмбаққа толы және оның шын мәнісінде болған-болмағаны әлі күнге дейін түсініксіз. Ол қу, әрі сақ және тәжірибелі, ол Оңтүстік-Шығыс Азияның үлкен аумағын бақылауда ұстады, оның қарамағында қарақшылық кемелер, мейрамханалар және көпшілік үйлер болды. Ақша алудың ең тиімді және үйреншікті жолы Вонг ханымның кемесіне жақындамауы үшін кеме капитандарын бопсалау болды. Интерпол бандалық іс-әрекетке қызығушылық танытса да, Ханымды ұстауға талпынған әрекеттері сәтсіздікпен аяқталды, себебі, оның сырт келбетін ешкім сипаттай алмады.

"Жаужүрек мың бала"

Күшті әрі батыл Қорлан ерлермен бірдей атпен шауып, күшін аямастан жауларына қарсы тұрады. Көпшіліктің пікірінше, нағыз салт атты қыз жоңғарларға қарсы күресте өз жақтастарынан да асып түсті. Оның бейнесі – халқы үшін соғыста жауға берілмей, жан беруге дайын елінің үлгі тұтар қызы.

"Бақсы"

Бақсы Айдай қазақтың кең байтақ жерінің автокөлік жолына жақын жерде тұрады. Алайда, оның тұратын жері жанар-жағармай бекетін ашуды қалайтын кәсіпкерге қажет болады. Бірақ, бақсы – ұрланған малды тауып беретін және маскүнемдіктен емдейтін қарапайым емші емес. Тек ата-бабалары тұрған қасиеті бар жерде ғана ол бақсылықпен, сиқырмен айналыса алады. Айдай тастай қатты және еркін, оның жәй ғана беріле салатын ойы жоқ.

"Бүкіл әлем аяғымыздың астында"

Әдемі әрі нәзік Әлия қылмыс әлемінде ықпалды адамға тиесілі ойынханада жұмыс істейді. Беделді еркек бойжеткенді ырқына көндіру үшін қызды бопсалап, сатып кету әрекетіне баруына тура келеді. Бірақ, Әлия өз намысын қорлататын әйелдердің қатарынан емес. Оның орнына, кейіпкер кісі өлтіруші болып, тапсырысқа адам өлтіріп, ойынханадағы қарызын төлейді. Сүйіспеншілік құқығын қорғау үшін бәріне дайын қыздың бейнесі қызықты әрі біркелкі емес.

 "Ол"

Кейіпкері мен оның қызы – бос қаланың жалғыз тұрғындары. Олардың әр күні алдыңғысына ұқсайды. Бірақ, барлығының өзгеретін уақыты келеді және қалада бөтен адамдар пайда бола бастайды. Бұл фильмді көргендер Айсұлу Әзімбаеваның кейіпкерінің соңына дейін жететінін біледі. «Ол» фильмі ерекше табысқа қол жеткізбесе де, жалғызбасты әрі мықты қыздың рөлі әсерлі шықты.

 "Мергендер"

Мергенші Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысынан қайтып оралмағандардың бірі. Ол он сегіз жасынан енді ғана асқан тұсында от құшағында қаза табады. Көзін көргендердің айтуынша, Әлия қатал мінезді, тәуекелшіл, ештеңеден қорықпайтын, сондай-ақ, соғыстың біткенін қалаған қарапайым ғана қыз болған. «Мергендер» фильмі Әлия Молдағұловаға ғана емес, шайқасқа қатысқан барлық мерген қыздарға арналған.

 "Анаға апарар жол"

Ақан Сатаевтың әскери драмасы – аналық махаббат пен әйелдік сенімділікке арналған. Алтынай Нөгербектің ештеңеге қарамастан соғысқа кеткен ұлының оралуын көз жасымен сарыла күткен, шаршаңқы ананы сомдаған рөлі даусыз, өте әсерлі шықты. Сондай-ақ, Аружан Жазылбекованың кейіпкері де сүйіспеншілігімен бас кейіпкердің соғыстың барлық қиыншылықтарына төтеп беруіне көмектеседі.

"Арман"

Арман – әдемі әрі жас қыз, оның Құрман есімді сүйген жігіті бар және өмірі қуанышқа толы. Бірақ, күтпеген жерден оны төрт жігіт алып кетіп, ұрып-соғып, зорлайды. Арман олардан қашып құтыла алғанымен, өмірі бұрынғыдай болмайды. Сот арқылы әділдік орната алмаған жағдайда не істеу керек? Болған оқиғаға көндіге алмасаң әрі қарай қалай өмір сүресің? Кейіпкер барлық сұрақтың жауабын табады, тек бұл зорлық көрсеткендерге ұнай қоймайды.

"Ботагөз"

Сәбит Мұқановтың романының экрандық бейімделуі «Ботагөз» кеңестік драмасы қайсар рухты қыз жайлы. Фильм оқиғасы 1916 жылғы көтеріліс кезінде және одан кейінгі азамат соғысы жылдарында орын алады. Ол кезде қазақ қыздарының қоғамдағы жағдайы екі жақты болды: бір жағынан барлығы Ботагөздің сұлулығына тамсанса, екінші жағынан ол өзінің сол қоғамда еріксіз екенін түсінетін. Дегенмен, оның мінезі мен өмірге деген құлшынысы болып жатқан жағдайлардың құрбаны болуға жол бермейді. Ол өзінің сүйіктісі Асқармен бірге революциялық қозғалысқа қатысады.

Топтамамыздағы бүгінгі кейіпкерлер өздерінің қиын тағдырымен және қайталанбас мінезімен ерекшеленеді. Дәл осы қасиеттері олардың отандық кинематографиядағы орнын нақтылай түседі, өйткені әрқайсысы дара тұлға. Біз барлық қыздарға өздерін жақсы көруді, бағалауды және өзіндік болмысын сақтауды тілейміз! Себебі, әрқайсымыздың мына әлемде өзіндік айтарымыз бар. Мерекелеріңізбен!


Индира Бекмахамбет

brod.kz 


 

 

Пікірлер(0)

Пікір қосу