Неліктен қатты ыстық немесе қатты суық тамақты ішуге болмайды?

10 Наурыз, 2019 170

Дұрыс тамақтану туралы айтқанда біз оның сапасына,құрамына мән береміз. Ал, адам денсаулығына тағам температурасы да әсер ететінін ұмыт қалдырып жатамыз.

Көптеген адамдар тамақтан соң ыстық сусындарды ішкенді жөн көреді.

Себебі, тамақтан соң салқын сусын ішкенде ақуыз өңделмейді, ақуыз аминқышқылдарына айналады да, тағам асқазанды жылдам тастап,асқазанда шіри бастайды. Нәтижесінде ішекте қабыну ауруларды туғызады. 

Ал,енді,шәйді,кофені,тағамды ыстықтай ішкенді ұнататындардың қаперіне!

Ғалымдар ыстық шәй немесе қатты ыстық ас өңешті күйдіретінін, оның көлемі ұлғайған сайын күю мөлшері де артатынын айтады.

Ыстықты ішу барысында асқазанның шырышты қабығы жансызданып, ойық жараның пайда болуына жол ашылады.

Осылайша тым ыстық әрі тым салқын тағамдарды, сусындарды ішкі органдардың эпителийлі жасушаларын бұзады, ал ол рак ауруларын тудыруы мүмкін. Тамақтану академиясының мамандарының келтірілген зерттеулеріне мән беретін болсақ, оның адам денсаулығы үшін өте зиян екенін аңғара аламыз.

Ыстық күйде ішіп жеудің зияндары:

1-Құлағы керең болуға себеп болады.

2-Жүзі сарғаяды.

3-Көздерінде нұр болмайды.

4-Тістері сарғаяды.

5-Аузының ләззаты болмайды.

6-Қарны тоймайды.

7-Түсінігі азаяды.

8-Ауруға себеп болады.

Сондықтан өз денсаулығыңыз үшін тым салқын да, тым ыстық та тағам ішпегеніңіз жөн!


                                                                                                            Дереккөз: islam.kz


Пікірлер(0)

Пікір қосу