ҚПЛ - 1 тур: Астананың мұнайшылары қайратты екен

11 Наурыз, 2019 192

Көптен күткен ҚПЛ-ның бірінші туры осымен аяқталды. Жаңа маусымға бар қарқынымен келген командалар жанкүйлері үшін жан алысып, жан берісті десе де болады.

Алатауға қонаққа барған тараздықтар үш ұпайдан қағылып кейін қайтты. Алматылық клуб әдеттегідей чемпиондыққа лайық ойынын көрсетуге тырысты.

Қайрат 2-0 Тараз
Гол соққандар: 26' Нурмугамет, 67' Əбікен


Өткен маусымда турнирлік кестені бесінші орынмен аяқтаған "Қайсар" фк өз алаңында мұнайшыларға есе жіберіп алды.

Қайсар 0-1 Атырау
Гол соққан: 2' Мажитов


Басынан дау арылмай маусымды -6 ұпаймен бастаған ақ-қызылдар Сарыарқаның төрінде сан соғып қалды. Үкілеп барған ойыншылары Арқа жігіттерінің үп еткеніне қарсы тұра аламады.
Астана 4-1 Ақтөбе
Гол соққандар: 19’ Томасов, 33’ Логвиненко, ️38’ Томасов, ️94’ Перцух - 3' Айымбетов.

Пікірлер(0)

Пікір қосу