Тіл білмесе де Америка асып, табысқа жеткен қазақ кәсіпкері көпті таңғалдырды (фото)

15 Ақпан, 2019 451

Жамбыл облысында дүниеге келген Жанболат Бекмұсаев күні кешеге дейін орыс тілін білмегенін, соған қарамастан Ресей асып, Америкалық компанияның жұмысын жандандырып, үздіктер қатарына енгенін айтып берді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде он мыңдаған қазақстандықты ізіне ертіп, кәсіпкерліктің ілімін үйретіп келеді.

Жанболат Бекмұсаев әлемдік желілік маркетингтік компанияның Ресей мен Қазақстан бойынша көшбасшысы атанып, бүгінде ізбасарларына дәріс оқып жүр.

Тіпті, білім беру жобасын қолға алып, айналдырғалы жүздеген қазақ отбасыларына көмегі тигенін жасырмайды.

"Мен алғашында тұрмыстық бұйымдарды сата бастадым. Өзге емес, алдымен өзімнің жақындарым күлді.

Келеке етіп, мазақ қылды. Тіпті, туғандарым да "мынауың не, саудасы несі?" деп шошынған кездер болды. Алайда мен ешкімге құлақ аспадым

Бұл кеңес одағы ыдырап, еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еді. Әрине, кеңес дәуірінде сауда-саттық қылмыс болып саналатын", - дейді Жанболат Бекмұсаев.
Қазақ кәсіпкері әлемдік деңгейдегі бизнес желісін қазақы тәрбиемен ұштастыруға бел буғанын да жасырмайды.


             "Алдымен, менің айналамдағы адамдар тентек судан аулақ болу керек. Кеңес дәуірін көріп өстік. Бірақ қазір менің айналамдағы ер азаматтар жағы ащы суды мүлдем татып алмайды.


Арақ - ол зиянкес. Шаруаңа кедергі болады. Сау адам ғана кәсіпті дөңгелете алады, - дейді кәсіпкер.

"Екіншіден, отбасы құндылығын жоғары қоямыз. Ажырасқан болмау керек. Оңды-солды жүрістерден ада болғанын талап етеміз.

Неге? Әлемдегі олигархтардың өмірбаяндарына көз жүгіртсеңіз, олар бір адамға берік. Таңдаған жұптарымен өмірінің соңына дейін бірге. Сонда ғана ісің алға өрлейді", - деп қосып қойды Жанболат Бекмұсаев.

Шетелдік бизнес жүйесін ұлттық тәрбиемен ұштастыра білген қазақ іскерін үлгі тұтатындар қатары көбейіп келеді.

Айналасында отбасы болып, бизнеске араласып жатқандар көп. Тіпті, іссапарлар мен шетелдік турларға жұптарымен аттанып жатады екен.

            "Мұндай бизнесте өзгенің шаруасын сөз етуге уақыт болмайды. Тек даму, алға жылжу керек болады", - дейді ол.

  "Кезінде Жанболат саудагер болды дегендер бүгінде менен ақыл-кеңес сұрайды. Қарызға белшесінен батып отырғандар бар. Өкініштерін айтады.

   Дегенмен, бір нәрсе айта кетейін. Елдің барлығының бизнесмен болып кеткенін қаламаймын. Өйткені, оны алып жүретін адамы болады.

  Рас, қомақты табыс түсіретіндер бар. Алайда ілімін алмаса, келген қаржы солай кетіп қалады. Алла тағаланың өзі сынайды. Аз уақыт болса да байлықты беріп, тексеріп көреді.

    Әрі-беріден соң, қазақтар басқа салаларды да көру керек. Химиктер шыққанын қалаймын, мықты дәрігер, керемет ғалымдар шығу керек", - дейді Жанболат Бекмұсаев.

Кәсіпкер шетелдік әріптестерінен көп нәрсе үйренгенін айтады. Әсіресе, Венгрия азаматы Вади Ена Джеймс пен Германиядағы досы Макс Шварц бизнес жүргізудің қыр-сырын үйреткен.

Оның пайымынша, қай уақытта да білімнің артығы болмайды, сондықтан, үнемі іздене беру керек.


                                                                                                Ақпарат көзі: nur.kz

                                                                                              Фото: Отбасылық мұрағат













Пікірлер(0)

Пікір қосу