Сізден өткен бақытты,сізден өткен бай адам жоқ,егер...

12 Наурыз, 2019 826

...Егер сіз артыңыздан ауыз толтырып айта алатындай ізгі, саналы ұрпақ қалдыра алсаңыз,онда сізден артық бақытты,сізден артық бай адам болмайды. Неге дейтін шығарсыз. Себебі, бала-ең қымбат инвестиция. Бала-түгесіліп қалмайтын қазына. Заман алмасады, ғасыр жылжиды, ұрпақ ауысады. Мәңгі жасайтын ешкім жоқ. Бір күні біз де дүниеден өтеміз. Бірақ артымыздан біз үшін дұға жасап, біз үшін кешірім сұрайтын ұрпақ қалса, біздің ең басты жеңісіміз сол болмақ. Ол,тіпті,сіз дүниеден өтіп,ұмытылып кетсеңіз де, сіздің атыңыздан садақа беріп,жақсылық жасап, ең болмағанда, ''көргенді елдің баласы екен" "өстіп тәрбиелеп өсірген атасына рақмет!" деген сөзді айтқызып, елдің алғысына бөленуге себепкер болады. 

*Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): <Бір салиқалы құл Жәннатқа кіргенде Алла Тағала оның дәрежесін көтеріп жібереді. Әлгі адам өзінің мұншалықты құрметке лайық емес екенін сезіп, <Иә,Алла, мен мұндай биік дәрежеге лайық емес едім ғой...Бұл қайдан келді?>деп сұрайды. Сонда Алла Тағала: <Балаң сен үшін қайта-қайта кешірім сұрады>деп жауап береді,-деген. 

Сондықтан бала-өмірлік азық. Ол балаңыздан туған ұрпақтар ізгі болса, одан кейінгілер де парасатты болса, бұл қандай ғанибет! Артыңыздан елге шарапаты тиер ізгі ұрпақ қалдыру-үнемі тамып тұратын тамшы секілді. Ол тоқтамауы керек. Сондықтан балаңызды Құдайдан қорқатын, адамнан ұялатын, елін сүйетін, халқын сыйлайтын саналы етіп тәрбиелеу үшін барыңызды салыңыз.


                                                                                                                   Сурет: lifeinsurance.kz


Пікірлер(1)

Гульбакыт (2019-03-31 02:00:00)

Керемет!

Пікір қосу