Әйелді құрметтеудің әдістері

13 Наурыз, 2019 209

Жаныңызда жүріп сіздің барлық жағдайыңызды жасап, көңіліңізді табуға тырысып жүрген үйдегі ханымыңызды қаншалықты құрметтейсіз?

Отбасының берік болуы, үйдегі жақсы атмосфера барлығы тікелей әйел адамға байланысты болып келеді. Жұмыстан шаршап үйге келгенде жақсы көңіл-күйде қарсы алатын әйеліңіздің болғанын қаласаңыз, психологтардың ұсынған мына кеңестерін орындауға тырысыңыз.

1. Ер адам әйелінің үй шаруасындағы еңбегін бағалауы керек.

Пісірген тамағына, үйге өзгеріс енгізіп, сәнденгеніне мән беріп, тіпті, терезелерге перде іліп қойса да соны байқап, <мынауың әдемі екен> деген секілді жылы сөздерді айтуы керек. Әйелдің табиғаты сондай, ол назарға ілігуді, жылы сөз естуді қалап тұрады. Кейде алдыңыздан басқа киім киіп, щащын сәндеп шығуы мүмкін. Сол кезде байқағыштық танытып, сәл ғана жылы сөзіңізбен демеп жіберсеңіз, әйел үшын одан асқан бақыт жоқ. Себебі, әйеліңіз мұның бәрін өзге үшін емес, сізге ұнау үшін, сіздің назарыңызға ілігу үшін жасайды. Жарынан жылу көрмеген әйел өзгенін сөзіне тез алданатынын естен шығармағайсыз.

2. Әйел адам үшін күйеуінің даусы да маңызды рөл атқарады.

Оған жекіп сөйлеу, үнемі даусыіызды көтеру - әйелдің өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтады. Кейде әйел адамдар болмайтын нәрсеге алаңдап, көңіл-күйі түсіп кетеді. Ондай кезде <неге жылайсың?> <Оған не үшін қайғырып отырсың?> дегеннен гөрі үндемей өткізіп жіберу немесе шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарау - әйеліңіздің сезімдеріне құрметпен қараудың белгісі.

3. Әйел адамға жақсы сөздер айтудың маңызы зор.

Бұдан былай сөздік қолданысыңызға:

"Мен саған сенемін!

Бүгінгі тамағын ерекше дәмді екен!

Ал бүгін үйде қандай қызықтар болды№

Мына ойыма алып қосарың бар ма?

Мыналарды бұрын қалай байқамағанмын?Керемет екен." -деген секілді сөйлемдерді қосып қойыңыз.


                                                                                                                          Сурет: qkz.kz


Пікірлер(0)

Пікір қосу