Балаға айтуға болмайтын 10 сөз

15 Наурыз, 2019 342

Психологтар баланың жасына қарамастан оған айтуға болмайтын сөздердің тізімін жасады. Тіпті, тілі шықпаған бала болса да, сіздің сөйлеу мәнеріңізге қарап ол сөздің қандай екенін, не мағына білдіретінін түсінеді екен.

1. Сенің қолыңнан түк келмейді - әкел өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл сөздер баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

2. Ұста, тек тынышталшы !

Кей ата - ана бірнеше сағаттық "берші, алып берші" деген ыңылдауларды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата-ана өздері байқамастан, баланы ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының "жоғына" мән бермеуге жаман үйретеді.

3. Тағы да мұндайды байқамасам - таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы қоқан-лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала босқа қорқақ болып өседі. Мұндай сөздер баланы ренжітіп, түсініспеушілік туғызады. Өз сәбиіңізді қорқытпаңыз. Бала белгілі жағдайда нені күтуге болатынын анық білу керек. Ал үлкендердің кеюі еш нәтиже бермейді.

4. Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлесуге болмайды! Бқл сіздің балаңыз ғой! Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан "доғарудың" орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайларына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5. Сен мынаны түсінуге тиіссің !

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала мұндай ақыл айтуды түсінбейді, сондықтан сізді тыңдамай, ойын басқаға ауыстырады. Ал бала сол сәтте беймаза, ренжулі не ашулы болса, сіздің сөздеріңіз тіпті қабылданбайды. Оның да адам екенін, белгілі бір уайымы, ойлап жүрген мәселелері бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан сіздің ең дұрыс деген ақылыңызды да ол сол сәтте түсіне алмайды.

6. Балалар (қыздар) бұлай жасамайды!

Мұндайды жиі қайталайтын ата-ана балада белгілі бір стереотип қалыптастырады. Кейін ересек өмірінде ересек жігіт өз сезімін, іс-әрекетін лайықсыз деп ойлайды, ал қыздар өздерін "ерлерге арналған" шаруамен айналысамын, немесе "ұқыпсызбын" деп, үнемі бір нәрсеге көңілі толмай, өз-өзін кінәлайды.

7. Бекерге уайым-қайғыға салынба!

Мүмкін балаңыз үшін уайымдап отырған дүниесі бекер нәрсе емес шығар. Өзіңіздің бала кезіңізді еске түсіріп көріңіз. Сіз де бала болдыңыз, сіздің де өзіндік мәселелеріңіз, уайымыңыз болғаны анық. Сондықтан балаңыздың мәселелеріне салқынқандылық танытпаңыз.

8. Менің денсаулығымды ойлашы!

аналар бұл сөзді балаларына көп айтады. Бірақ, көп айтылған сөз қадірі кетіп, соңында оны ешкім елемейтін де болады. Сол сияқты қазір болмашы жағдайларда осы сөзді қолдансаңыз, ертең расымен денсаулығыңыз нашарлап кеткенде, расымен сырқаттанып қалғаныңызда балаңыз оған мән бермеуі мүмкін.

9. Жоқ мұны сатып алмаймыз -  ақша жоқ!

Балаға бәрін қатар сатып алуға болмайтынын түсіндіру қиын. Егер осылай айтатын болсаңыз, балада егер ата-анасында ақша көп болса бәрін алып беруге болады деп түсінеді. Сондықтан балаңызға "ол ойыншық сенде бар" "бұл өте тәтті, тісіңді ауыртады" деп айтқаныңыз абзалырақ.

10. Жұрттың баласы.

Сен сияқты ақылсыз, ынжық, тәртіпсіз баланы беріп Құдай мені не үшін жазалады екен,-дәл осы сөздерді қазір көп ата-ана баласына айтады. Алайда, осы сөздердің бала психологиясына қаншалықты әсер ететінін біле бермейді. Осындай сөздерді айту арқылы, өзге баламен салыстыру арқылы сіз балаңыздың бойындағы сенімділігін өшіресіз, оның өмірге деген құштарлығын сөндіресіз.

Бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оған айтар әр сөзіңізге абай болыңыз!


                                                                                                                               turkistan.kz

                                                                                                                     Сурет: mooka.com



Пікірлер(0)

Пікір қосу