Түркістан қаласының әкімі бұл челленджді қабылдар ма екен?

15 Наурыз, 2019 244

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде челлендж жариялайтынын хабарлады.


Челлендждің мақсаты — көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасап, қолдау білдіру. Бұл шараны бастауына әкімнің жеке поштасына келген көп балалы отбасыдан шыққан 16 жасар Қадыров Әнуардың хатты түрткі болыпты. Жасөспірім бала әкімнен өзіне және бауырларына Наурыз мейрамына орай компьютер сыйлауын өтініпті.


Бұл хаттан кейін Жақсылық Омар әріптестерімен ақылдасып, балаға компьютер тарту етті. Өз сөзінде жас әкім #HappyНаурыз челленджін өзге де қала әкімдеріне жолдайтынын және де наурыз айының мейірім мен қамқорлықтың айы екенін атап өтті.


                                                                                                                                 



Пікірлер(0)

Пікір қосу