Данияр Елеусінов тәжірибелі мексикалық боксшыны нокаутқа түсірді

16 Наурыз, 2019 382

Turkistan.kz ақпарат порталы : Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) 36 жастағы мексикалық боксшы Сильверио Ортистке (37-23, 18 КО)  24-жеңілісін сыйлады.

АҚШ-тың  Liacouras Center аренасында өткен кезекті жекпе-жекте Данияр Елеусінов мексикалық боксшыны төрешілердің шешімімен ұтқан болатын. Осы жеңісімен Данияр өз мансабындағы 6-жеңісті қанжығасына байлады. Ал, қарсыласы Ортистің бұл кезекті 24-жеңілісі болды. Бұл Даниярдың осыған дейінгі ең раунды ұзаққа созылған жекпе-жегі болғанын да ескере кетейік. Бұған дейін Елеусінов ең көбі 6 раундта қарсыласын тойтаратын еді, бұл жолы ол қарсыласын 8-раундта нокаутқа түсірді. 

Бұл туралы Данияр Елеусінов :

«Бұл мен үшін жаңа дүние болды – инсайдта жұмыс істеп, алға көбірек ұмтылдым. Мен бапкерлік штабымды өзгерттім, КОри Спинкс бір ай бойы менімен жұмыс істеді. Менде оны жетінші раундта нокаутқа түсіретін мүмкіндік болды. Оған қысым жасадым. Маған оның соққыларын ұстап, көбірек қарымта шабуыл жасап, инсайдтағы қорғаныспен жұмыс істеу керек еді», - деді.


                                                                                                                                                      Turkistan.kz




Пікірлер(0)

Пікір қосу