ҚПЛ 2-тур: Біз сендерге мүмкіндіктер сыйладық

16 Наурыз, 2019 219

Turkistan.kz ақпарат порталы. Бірінші турдың нәтижесі сол күйінде сақталып қалмады. Бармағын бүгіп кеткен командалар кешегі ойында барынша гол салып, 3 ұпай қанжығалауға тырысты.

Астананың төрінде өткен "Атырау" және "Ertis" арасындағы матчта павлодарлықтардың мерейі үстем болды. Бірінші таймда-ақ ойынның нүктесін қойып тастады.

"Атырау" 1-3 "Ertis"
Голдар: 21' Фонсека , 30' Жунич , 33' Каньяс , 40' Дарабаев


"Аты шулы" ақ қызылдарды өз алаңында қабылдаған 17 аймақтың аяқдопшылары қонақтардың қақпасына жалғыз гол дарыта алды.

"Ордабасы" 1-0 "Ақтөбе"
Гол: 86' Щеткин
Алаңнан қуылған: Механович


Қызылорданың қасқырлары өз "апанында" екінші рет қансырап қалды. Талдықорғаннан келген жігіттер қайсарлықтардан басым түсті.

"Қайсар" 0-1 "Жетісу"
Голдар: Наумов


"Тобыл" мен "Тараз" арасындағы матч екінші турдың үздік ойындарының бірі болды. Қонақтап келгенін қарсыластарын диқаншылар орып-орып тастады.

"Тобыл" 4-1 "Тараз"

Голдар: Азат Нұрғалиев 31, Михаил Гордейчук 62, 75, Бауыржан Тұрысбек 89 - Элгуджа Лобжанидзе 83


Премьер лиганың көшбасшысы бұл жолы да үш ұпайды қанжығалап қалды. Елордада өткен ойында Көкшетаудың командасы қарсыласына есе жіберіп алды.

«Астана» 2-1 «Оқжетпес»
Голдар: Янга, Маевски - Дмитриев


Алматылық жігіттер Қарағандының кеншілерінен жеңісті тартып алды. Ойынның тағдыры матчтан бұрын шешілгенімен "Шахтер" қарсыласқа лайық ойын көрсетті.

"Қайрат" 2-1 "Шахтер"

Голдар: Эппель 28, Швырев 76, Өміртаев 81

Пікірлер(0)

Пікір қосу