ҚПЛ: "Оқжетпес" бірнеше аптаға бірінші қақпашысынан айырылды

16 Наурыз, 2019 224

Кеше «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы матчта көкшетаулықтардың қақпашысы Джурахон Бабахановтың миы шайқалған, деп хабарлайды Turkistan.kz порталы клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» шабуылшысымен соқтығысып қалғаннан кейін көкшетаулықтардың қақпашысы ауруханаға жеткізілген. Медициналық тексерістен соң оның миы шайқалғаны белгілі болды.

Енді футболшы бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында «Оқжетпес» сырт алаңда «Астанадан» 1:2 есебімен ұтылған болатын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу