Қазақ қыздары бокстан сегіз алтын еншіледі

17 Наурыз, 2019 283

Turkistan.kz ақпарат порталы. Олимпиада чемпионы Марина Вольнованың жүлдесі үшін өткізілген қыздар арасындағы турнир соңына жетті.

Қазақстан, Ресей, Украина, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен келген 88 боксшы 10 салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістірді.


«Турнир - Азия чемпионатына дайындық. Өз кезегінде Азия біріншілігі Ресейде күзде өтетін Әлем чемпионатына дайындық сатысы ретінде қарастырылады. Турнирде Моңғолия командасы өзін жақсы көрсетті - 54 келі салмақта соңғы Әлем чемпионатының жүлдегері келсе, Украина бірінші нөмірдегі Мария Бованы алып келді. Біз үшін бұл жақсы тәжірибе. Біздің командаға 2000 жылғы жас спортшылар келіп жатыр. Олар қазірдің өзінде тәжірибесі мол спортшыларға есе бермейтін дәрежеде», - дейді Қазақстанның бокстан қыздар құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк.



Марина Вольнованың сыйлығына арналған 2019 жылғы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келіде: I Алуа Балқыбекова (Қазақстан)

II Әйгерім Қасенаева (Қазақстан)

III Фортимахан Тұрсынбекова (Өзбекстан), Мунгусаран Байсан (Моңғолия)

51 келіде: I Назым Қызайбай (Қазақстан)

II Татьяна Коб (Украина)

III Мухцинкцин Эчхергал (Моңғолия), Жайна Шекербекова (Қазақстан)

54 келіде: I Ивана Крупеня (Украина)

II Дина Жоламан (Қазақстан)

III Әйгерім Ошақбай (Қазақстан), Балауса Мұздиман (Қазақстан)

57 келіде: I Сәния Сұлтанқызы (Қазақстан)

II Дәметкен Келімбет (Қазақстан)

III Юлия Цыплакова (Украина), Владислава Кухта (Қазақстан)

60 келіде: I Римма Волосенко (Қазақстан)

II Карина Ибрагимова (Қазақстан)

III Намун Монхор (Моңғолия), Сандуғаш Әбілхан (Қазақстан)

64 келіде: I Мария Бова (Украина)

II Милана Сафронова (Қазақстан)

III Шминцкцинцин Уранбилик (Моңғолия), Мафтунохон Милейева (Өзбекстан)

69 келіде: I Баян Ақбаева (Қазақстан)

II Анна Лысенко (Украина)

III Ақерке Бақытжан (Қазақстан), Алма Аманқұл (Қазақстан)

75 келіде: I Надежда Рябец (Қазақстан)

II Аида Оңдаш (Қазақстан)

III Гүлая Садықова (Қазақстан), Арайлым Бекділдә (Қазақстан)

81 келіде: I Фариза Шолтай (Қазақстан)

II Мөлдір Базарбаева (Қазақстан)

III Алтын Мұқышбекова (Қазақстан), Таңшолпан Әлиева (Қазақстан)

+81: I Ләззат Күнгебаева (Қазақстан)

II Умида Садықова (Қазақстан)

III Дина Исламбекова (Қазақстан), Мөлдір Раушанбек (Қазақстан)





Пікірлер(0)

Пікір қосу