ТЕННИС: Кукушкин финалға шықты

17 Наурыз, 2019 306

Turkistan.kz ақпарат порталы. АҚШ-та өтіп жатқан теннистен Феникс турнирінде Михаил Кукушкин финалға шықты. Естеріңізге сала кетейік, спортшымыз әлемдік рейтингте 43-ші, ал Қазақстанның бірінші ракеткасы.

Ол жартылай финалда италиялық Сальваторе Карузомен кездесіп 6:1 және 7:5 есептерімен айқын басым түсті. 1 сағат 40 минутқа созылған бәсекеден кейін Кукушкин тікелей финалға жолдама алды.

Оның қарсыласы Маттео  Берреттини және Гвидо Андреоццидің арасындағы кездесуден соң белгілі болады.


Пікірлер(0)

Пікір қосу