ФУТБОЛ: Бауыржан ИСЛАМХАН іріктеу ойындарына қатыспайды

18 Наурыз, 2019 351

Turkistan.kz ақпарат порталы. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан ИСЛАМХАН жарақатына байланысты алдағы екі матчқа қатыспайды.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты үшін өткізілетін іріктеу ойындары Астана қаласында өтеді. Наурыз айының 21-де ұлттық құрамамыз Шотландиямен, ал 24 наурыз күні Ресей мемлекетінің аяқдопшыларымен бәсекеге түседі.

Бас бапкер Михал Билек "Шахтердің" шабуылшысы Оралхан Өміртаевты негізгі құрамға шығаратынын мәлімдеді.


Пікірлер(0)

Пікір қосу