ФУТЗАЛ: "Қайрат" АФК 16-шы рет ҚР чемпионатының кубогын жеңіп алды

18 Наурыз, 2019 194

Turkistan.kz ақпарат порталы. Футзалдан ҚР чемпионатының екі күнге созылған финалдық ойындары аяқталды. Нәтижесінде алматылық "Қайрат" 16-шы рет чемпионаттың кубогын жеңіп алды.

Рудный қаласының намысын қорғап жүрген "Аят" клубымен кездескен "Қайрат" 5:1 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, чемпиондар кубогының жартылай финалында алматылық жігіттер "Барселонамен" кездесетін болады.

Гол салғандар: Диего 1, Ранжел 8, 18, Тайеби 15, Рахимтаев 22 – Валиуллин 27

Пікірлер(0)

Пікір қосу