ТҮРКИЯ: СІМ Голландиядағы шабуылды айыптады

19 Наурыз, 2019 152

Turkistan.kz порталы. Голландиядағы "Трамвай оқиғасына" байланысты Түркияның Сыртқы істер министрлігі шабуылды айыптады.

Голландияның Утрехт қаласында болған оқиға байланысты 37 жастағы түркиялық азамат Гөкменге іздеу жарияланды. Осыған байланысты Анкара террорлық оқиғаны қатал сынға алды.

"Аталмыш қанды шабуылда қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтамыз, жараланған азаматтарға шипа тілейміз. Қылмыскердің кім екендігіне және қандай сылтаумен адам өлтіргеніне қарамастан оны аяусыз жазалауды қолдаймыз. Сондай-ақ, бұл екі елдің арасындағы ынтымақтастықты бұзбайды", - делінген Түркияның СІМ-нің ресми сайтында.


Пікірлер(0)

Пікір қосу