Футболшыларымыз неге шаршайды немесе оған климат кінәлі ме?

27 Наурыз, 2019 232

Қазақстан аяқдопшылары неге 90 минут бойы бір деңгейде доп тебуге қауқарсыз деген сұрақ талай жылдан бері көрерменнің көкейінде жүрген және жанкүйердің жанына бататын сұрақ бар. Көбінесе ұлттық құрамамыз екінші тайм ортасынан асса шаршаңқылық танытып, допқа зыр жүгіруі көзден алшақтанып кететіні бұрыннан мәлім.

Қазақстандық футболшыларға жанкүйерлер тарапынан айтылатын "Соңына дейін ойнау керек" - деген сөздері көп айтылып, кей кездері стадионға жиылған жұрттың қолындағы плакат-баннерлерден көрініп жатады. Бұл "Соңына дейін ойнаңдар"- сөзі қанша айтылғанмен, қанша жазылғанымен Отандық аяқдопшылардың шамасы шарықтағаны байқалмайды, өйткені бар шамалары соған некен-саяқ, одан артық жүгіре алмайды, себебі өкпелерінің шыдасы тек соған ғана жетеді. Шетелден келген шекпенді бапкерлердің де айтатын сөзі осы: Қазақстандық футболшылар физикалық тұрғыдан, басқаларға қарағанда әлсіз, қарсыласқа допсыз жүгіріп қысым көрсетуге көп күштерін сарп етуге қауқарсыз. Олай айтатындай ақ жөндері бардай көрінеді, бір қарағанда себебі Қазақстан қоңыржай белдеуде орналасқан мемлекет. Ал бұл Қазақстандық футболшылардың ойын соңында шаршап қалатынына не қатысы бар деген заңды сұрақ туындайды осы жерде, енді сол сұраққа ғылыми тұрғыдан жауып іздеп көрсек. Қоңыржай белдеуінде орналасқан елдердің климаты көбінесе қысы қатты, жазы ыстық, төрт мезгілі ауысып отыратын, климаты тұрақсыз болып келеді. Сол себепті Қоңыржай табиғат зонасын мекен еткен ел халықтарының өкпесі тұрақты климатқа бейімсіз келеді. Өйткені адам өкпесі тұрақты климатта жақсы дамып шаршаңқылықтан ауылы алыстау келеді. Ал біздің Отандық футболшылар осы аталған белдеуде туылғаннан бастап өмір сүріп келе жатқан соң жастайынан өкпелері әр мезгіл ауысқан сайын түрліше құбылып дамып, тұрақты физикалық нормаға сай келмейтіндей көрініс табады. Басқа ел аяқдопшыларымен салыстырғанда біздің Қазақстандық футболшылардың бір деңгейде тек бір тайм өнер көрсете алуының бірнеше себептерінің ішіндегі бастысы осы. Бұл тек футболшыларымызға ғана тән антиерекшелік емес, барлық Қазақстан намысын қорғайтын басқа да спорт түрлерінің өкілдеріне климат сыйлаған кемшілігі. Оған мысалдар көп, Қазақстанның жүгіру, секіруге бағытталған қай спорт түрін алсақ та, қарнымыз ашыңқырайды, осы бағыттағы спорт түрлерінен түрлі турнирлерден, одан қалса олимпиадалардан жоғарғы орында көріну әзірге Қазақстан спортшылары үшін бұйырмай тұр. Оған жоғарыдағы айтылған себептеріміз айқын дәлел. Себепке сенген соң, ой сонда бәріне климат кінәлі екен ғой деп мүлде күдер үзуге де болмайды. Әсіресе миллиондар ойыны футболдан төмен нәтиже көрсету, Қазақстанның әлемдегі орнын біршама анықтайтын спорт түрі. Еуропалық ғалымдар айтқандай спорт бұл ғылым арқылы дамиды, өседі. Сондықтан ғылым мен спортты ұштастыра білуіміз керек. Футболымызды дамыту үшін ғылымға жүгінсек, пайдасы болмаса зияны жоқ дүние. Яғни ғылым арқылы климатпен күрессек нәтижесі оң көрініс табатыны анық


Баймахан Алмас

Пікірлер(0)

Пікір қосу