Көше алаяқтары қалай әрекет етеді?

27 Наурыз, 2019 385

Алматы қалалық полиция департаменті көше алаяқтары қалай әрекет ететінін айтып берді, деп хабарлайды Turkistan.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Көше алаяқтары бүгінде заманға әбден бейімделген. Олардың басты айырмашылығы - күшпен емес, психологиялық әсер ету арқылы ақша табатыны. Олар өздеріне алданатын адамдарды қаптаған жұрттың арасынан оңай табады. Олардың басты міндеті - адамды бекітіп алу. Бұл үшін көше алаяқтары жиі «түзету қағидаты» деп аталатын әдісті пайдаланады: гипноз, сөйлеу қарқыны, бет-әлпеті, ымдауды көшірмелейді», - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көшедегі алаяқтарға әдетте, жасы келген қартаң кісілер жиі алданады. Алаяқтар көбінесе өз құрбандарын дүкенде, базарда, банктерде, қолма-қол ақша алған клиенттердің арасынан іздейді.

Оларға алданбас үшін не істеу керек?

  • сізге кез келген өнімді немесе мүлікті өткізуге тырысқан бөтен адамдарға сенім артуға болмайды

  • алаяқтар әңгіме айтқанда, өзінің басынан өткендей етіп майын тамызып айтады, сөйтіп адамдардың аянышын туғызады

  • мемлекеттік органдардың (әкімдіктер, медициналық мекемелер) қызметкері болып танысып, жәбірленушілердің пәтеріне кіруге тырысады. Көбінесе олар жасы үлкен кісілерді, кәмелетке толмаған балаларды алдайды

  • көріпкелдерге сенбеңіздер (негізінен сыған халқына жататын азаматтарға).

Пікірлер(0)

Пікір қосу