Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау өңірінің аналары атаулы көмекті 21 мың теңгеден артық алады

27 Наурыз, 2019 258

Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін атаулы əлеуметтік көмекті Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысының тұрғындары 21 мың теңгеден артық алады. Бұған себеп, ол өңірлердегі күнкөрістің деңгейінің жоғарлығында, - деп хабарлайды Turkistan.kz ақпараттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


ҚР Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, 1 сəуірден бастап көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жəрдемақының көлемі əрбір балаға 20 789 мың теңгені құрайды. Аталған көрсеткіш барлығына ортақ болғанымен, үш өңірде есеп-қисап басқаша жүргізіледі. 
 "Қазір статистиканы ашып қарасаңыз, бізде үш өңірде күнкөріс деңгейі басқаша. Ол- Астана, Алматы мен Маңғыстау облысы. Осы үш өңірде жəрдемақы сəл жоғарылау болады. Қалған облыстарда əрбір балаға 20 789 теңгеден төленеді" , - деді С.Жақыпова.

Пікірлер(0)

Пікір қосу