ТРАМП: Ресей әскері Венесуэладан шығуы тиіс

28 Наурыз, 2019 402

Turkistan.kz ақпарат порталы. АҚШ Президенті Дональд ТРАМП Мәскеуге Венесуэладан Ресейдің әскери күштерін қайтарып алу қажет екендіктерін ескертті. Және осы мақсатқа жетуі үшін барлық амалдарды қолданатынын мәлімдеді.

Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Трамп Венесуэлла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдоның жұбайы Фабиану Розалесті қабылдады.

"Біз сіздермен біргеміз. Гуайдоны және оның халқын қолдаймыз" - деді АҚШ Президенті. Сондай-ақ вице-президент Майк Пенс Ресейге Мадуро режимін қолдауды тоқтатуға және Хуан Гуайдоның жағына шығуға шақырды.

АҚШ-тың ауызша сигналына ресейліктер де жауап қайтарды. Мәскеу Вашингтонға тағылған айыппен келіспейтінін жеткізді.

"Америка президенті Ресейге кеңес бермес бұрын Сириядан өз әскерлерін шығару туралы уәделерін орындауға тиіс", - деді Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария ЗАХАРОВА.

Пікірлер(0)

Пікір қосу