Данияр Ақышев Ұлттық банктің төрағалығынан кетті

26 Ақпан, 2019 249

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме жасап Turkistan.kz

Президент Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің сөзінше, мемлекет басшысы Данияр Ақышевтің отставкаға кету туралы шешімін қабылдады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мен Ұлттық банк төрағалығына тағайындалатын кандидатураны мақұлдауға келдім. Президент Нұрсұлтан Назарбаев кандидатруа ретінде Ерболат Досаевты ұсынып отыр. Ол қызмет мерзімінде өзін білікті қаржыгер ретінде көрсетті. Оны тағайындауды мақұлдауды сұраймын», – дейді Исекешев.


Пікірлер(0)

Пікір қосу