Тұлпар таңдап мінгіңіз келсе...

28 Наурыз, 2019 443

«Жануарлар дүниесінде ең жақсы — ат екен, әбзел — жабдығыңды жақсы күтсең, атың да, әбзелің де сені жақсы күтер деген мәтел бар. Аттың жақсы , жаманын білу, адамның жақсы — жаманын білуден де қиын. Өйткені адам сөйлейді, сөзінің мағынасын білуге болады. Ат сөйлей алмайды, аттың жақсы, жамандығын оның түр — тұлғасынан білуге болады» - дейді Әбдіғаным Көшеров мырза. Ал, енді өзіңізге нағыз тұлпарды таңдап алғыңыз келсе, мына кеңестерге назар салғаныңыз жөн.


Алдымен аттың түріне қараңыз. Түрін байқайтын адам қатеге жол бермейді. Жағдайы жақсы аттың, түрі де жақсы болады. Оның тісі таза, түгел ақ болады. Төменгі ерні салпы, мұрны жоғары, танауы кең, маңдайы жазық, құлағы ұзын, бір — бірінен қашық, мойны тура, алқымы кең, түбі жуан, арқасы биік, кеуделі, қол — аяғының арасы алшақ, құрығы ұзын және қатты, сүйектері мықты, әрі жуан, бұлшық етті болуы керек.


Аттың түсіне қарап, оның өнерін де байқауға болады. Жылқының ең жақсысы — құрма түстес болады. Жирен жылқы күшсіздеу келеді. Егер жиреннің бұлшық еттері бөлшектене түскен, сан еттері тола, тұяғы, ерінінің асты, маңдайындағы кекілі мен құйрығы қара болса, күреңге тән жақсы ат болады. Сұр құла, сарылау аттардан ең бір жақсы аттар шығуы мүмкін. Сонымен сары аттардың ноқат — ноқат қарасы болса, ең жақсы аттардың белгісі. Аттардың түсі ала — құла болмай, біркелкі, қара торы, яғни шымқай қара, қызыл көзден болмаса, жақсы аттың белгісі деуге болады. Көптеген жағдайда қызыл көз аттың мінезі нашар, кемшілігі көп болады. Қызыл, көк түсті аттың жонында қара жолағы, аяқтары қара болса, жақсы ат қатарына жатады. Ала — құла аттардың мінезі нашар болады.


Әбдіғаным Көшеров

   "Ей, перзентім, біліп алғын!.."



Пікірлер(0)

Пікір қосу