Ақтөбе облысының жаңа әкімі тағайындалды

26 Ақпан, 2019 410

Ақтөбе облысының әкімі болып Оңдасын Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Turkistan.kz. 

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ақтөбе облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты. Ол облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.


Мамин мәслихат депутаттарына мемлекет басшысының Оңдасын Оразалинның кандидатурасын Ақтөбе облысының әкімі лауазымына ұсыну туралы хатын оқып берді. Депутаттар президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты. 


Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы әкім Бердібек Сапарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу