БОКС: Халықаралық турнирдің іріктеу кезеңі өтті

31 Наурыз, 2019 315

«Түркістан қаласында Сидней олимпиадасының жеңімпазы, Барыс орденінің иегері, ҚР ЕССШ  Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2001-2002 жылы туған жастар арасында бокстан XVIII  халықаралық турнирдің іріктеу кезеңі өтті», - деп хабарлайды Turkistan.kz ақпараттық порталы.

Бүгінгі халықаралық турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан мемлекеттерінен жалпы саны 166 қатысушы келді. Біздің еліміздің 14 облысы және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының жас боксшылары  бақтарын сынауда.

Бүгінгі іріктеу кезеңіне қатысушылар  жеребе арқылы таңдалып, Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде күш сынасты. 82 жұп боксшыдан жарыстың ширек кезеңіне 41 жұп шығатын болады.

Айта кетейік, бүгінгі турнирде супервайзер ХД АИБА төреші Ғани Искаков болды. Сонымен қатар, турнир соңында жеңіске жеткен спортшыға «ҚР спорт шебері» атағы беріледі.



Рысгүл Досжанова



Пікірлер(0)

Пікір қосу