Ғаламның ғажайыптары: Жер астындағы қала — Кубер-Педи

01 Сәуір, 2019 633

Әлемдегі жалғыз құрлық-мемлекет саналатын Аустралияға ат басын тіресеңіз, құрметті турист, ғажап табиғаты мен жергілікті аң-құстарынан бөлек сізді 2 000-нан аса халқы бар алақандай қала құшақ жая қарсы алады.

Кубер-Педи — 1915 жылы құрылған шахтерлардың қаласы. Аустралиялық аборигендердің тілінен аударғанда «жер астындағы ақ адамдар» деген мағынаны білдіреді. Өйткені нарықтағы жылтыр металдың 30 пайызын аталған шаһардың адамдары өндіреді.

Кубер-Педи әлемдегі ең ыстық қалалардың бірі болып саналады. Мұндағы ауа температурасы күндіз +60 С-ты көрсетеді. Сондықтан мұндағы тұрғындар күннің ыстығынан қорғану үшін жер астында қала тұрғызған.

Шағын қалашықта барлық жағдайлар жасалған. Канализация жүйелері, су құбырлары мен тоқ көздері тартылған.

Қазіргі таңда аталған қалада туристер үшін шіркеулер мен кітапханалар, әртүрлі аттракциондар тұрғызылған. Тіпті қайтыс болған адамдарға арналған зират та бар. Халқынан кенгруі 3 есе көп австралиялықтар үшін Кубер-Педи жылтыр тастың "астанасы" атанып ғана қоймай, көз қызығар көрікті мекендері болып қала бермек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу