Әлемдегі ең үлкен жабық базар жайлы не білесіз?

06 Сәуір, 2019 257

Turkistan.kz танымдық порталы. Мұхаммед пайғамдардан(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалған әлдебір хадисте Константинополь қаласын крестшілерден азат ететін адам мұсылмандардың арасынан шығады делінген екен.

Рим, Византия, Латын империяларының астанасы болған аңыз қаланы 1453 жылы түрік сұлтаны ІІ Мехмет басып алып, Османлы мемлекетінің астанасы ретінде жариялайды. 1461 жылы Фатих сұлтанның тарапынан жабық базар салу керектігі жөнінде әмір беріледі.

Төбесі күмбездермен жабылған ғимарат әлемдегі ең үлкен және ең алғашқы жабық базар ретінде айтылады. 60-ға жуық көшесі мен 3600 дүкені бар Капалы Чаршы туристерді эститикалық сәулеті сондай-ақ шеті жоқ лабиринтке ұсайтындығынан тәнті етіп отыр.

Бүгінгі таңда сауда орталғын күн сайын 250-300 мың шамасында тұтынушылар аралайды. 2013 жылы 91 миллион турист қабылдап, өз тарихында рекорд орнатты.


Пікірлер(0)

Пікір қосу