Елдос Сметов Анталиядағы гран-при турнирінде чемпион атанды

06 Сәуір, 2019 179

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирінің бірінші жарыс күні өтуде. 60 келіде белдескен Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақтық сында Сметов өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдескен болатын. Алғашында "вазари" ұпайын алған қазақстандық спортшы кейін қылқындыру әдісін жасап, таза жеңіске жетті. 

Осылайша, жарақатына байланысты Екатеринбургтегі Grand Slam турнирінен сырт қалған Елдос Сметов Анталияда атой салды. 

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта күрескен Галбадрах Отгонцэцэг финалда косоволық спортшыға есе жіберіп, турнирдің күмісіне иелік етті. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу