Президенттікке кім үміткер бола алады?

09 Сәуір, 2019 224

Қазақстанда маусымның тоғызы президент сайлауы болатындығы жөнінде бүгін ел басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады.


Президентікке кандидатты тек саяси партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана ұсына алады.

Президенттікке үміткер болудың негізгі талаптары қандай?

1. Конституцияның 41-бабына сәйкес, президентікке үміткер тумысынан Қазақстан азаматы болуы тиіс.

2. 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

3. Соңғы 15 жыл бойы Қазақстанда тұруы, жоғары білімі болуы шарт.

2017 жылы кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер енгізіліп, президентікке үміткерге қосымша талаптар қойылды. Яғни, оның мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы міндетті. Әрі оның денсаулығында қызметіне кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы расталуы қажет. 

Президенттiкке үміткердің бұл талаптарға сәйкестiгiн Орталық сайлау комиссиясы 5 күн iшiнде анықтайды.



Қазақстан президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.








Пікірлер(0)

Пікір қосу