АЛМАТЫ: Семсерлесуден Қазақстан спартакиадасы басталды

11 Сәуір, 2019 131

Бүгін Алматыда семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасын басталды. Спартакиадаға жалпы есебі 9 аймақтан спортшылар қатысуда деп хабарлайды Turkistan.kz ақпараттық порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел Спартакиадасына ұлттық құрама мүшелері де тегіс қатысуда. Жарыстың алғашқы үш күнінде сабляшылар өзара кім мықтыны анықтайды. Саблядан ерлер арасындағы бәсекеде 33 спортшы бақ сынамақ. 

Сабляшылар тартысы аяқталған соң, рапирадан ерлер мен әйелдер арасындағы және командалық сындағы жеңімпаздар есімі белгілі болмақ. 

Ал Спартакиаданың қалған үш күнінде семсерлесу спортындағы ең маңызды қару саналатын шпагадан тартысты бәсеклер өтпек. 

Семсерлесуден Қазақстан Спартакиадасы 20 сәуір күні аяқталады. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу