Тарихи сананы жаңғыртудың жүйелі жолы

12 Сәуір, 2019 307



Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» аты бағдарламалық мақалаларында біртұтас ұлттық күш ретінде жұмылу жолындағы қазақстандықтардың санасын рухани жаңғырту жолдарымен бөліседі.

 «Ұлы Даланың жеті қырында» ғылыми фактілерге сүйене отырып, Ұлы даладағы тарихи оқиғалардың маңызын терең түсіну көзделеді.  Мақалада аталған жеті қыр қазақстандықтардың тарихи санасының жаңғыруының кепілі. Аталған мәселелерді терең түйсіну арқылы өткенімізге көз жүгіртіп, болашағымызға бағдар жасауға мүмкіндік аламыз. Мақалада көтерілген келелі мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бірнеше жобалар қолға алынуы тиіс екендігі атап айтылды.

Осындай үлкен жобалардың бірі білім саласында «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты оқу-ағартушылық энциклопедиялық-саябақ құру яғни атақты тарихи тұлғалардың, ұлы ойшылдардың, ақындар мен билеушілердің, өнер, театр және көркемөнер саласы майталмандарының бейнесін көрсететін галереяны қолға алу.  

Халық өз ұлтының белгілі тұлғаларымен мақтанады. Ұлы Дала есімдері әлемге танымал мұндай тұлғаларға кенде емес. Олардың қатарын – әл-Фараби, Яссауи, Күлтегін, Бейбарыс, Тәуке, Абылай, Кенесары, Абай деп жалғастыра аламыз.

         Елбасының ұсынысымен ашық аспан астында құрылады деп жоспарланып отырылған «Ұлы Даланың Ұлы есімдері» атты оқу-ағартушылық энциклопедиялық-саябақта          арқылы өткен тарихымызды ұрпақ санасында жаңғыртып, келешек жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында тарихтан танымал тұлғалардың мүсіндік ескерткіштері қойылады.

Әлем тәжірбиесіне жүгінсек, біраз мемелекетерде «100 Ұлы есім» атты жобалар бар. Мысалы, көршілес Ресей мемлекетінде «РФ Ұлы есімдері» атты сайта жалпыұлттық жоба жарияланған. Арменияның Ұлттық мұрағаты армян халқына есімі терең таныс «100 есім» жобасын әлемге паш етті. Бұдан шығатын қорытынды әлем тарихында ұлтына қызмет еткен, елдің болашағының жарқын болуы үшін бар өмірін сарп еткен ұлы тұлғалар есімін халық жадында мәңгі қалдыру тәжірбиесі бар екендігінде.  

Елбасы қойған міндеттерге орай, Ұлы Дала тұлғаларын халыққа таныстыру, олардың ел үшін еткен ерен еңбектерін насихаттау ісі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде де қолға алынған. Оның бір ғана дәлелі «Өнегелі өмір» сериясымен жүйелі түрде баспадан жарық көріп, қалың көпшілікке салтанатты түрде таныстыру рәсімі өткізілетін танымал тұлғаларға арналған еңбектер топтамасын айтуға болады. 

Қорыта айтқанда, Елбасы тарапынан ұсынылып отырылған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында айтылған ой-тұжы­рым­дар біздің бай тарихымызды жете тануды, тарихи сананы жаңғырту қажеттігін қадап айтып, оны жүзеге асырудың нақты жол­дарын атап көрсетеді. Жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жетелейді.



Удербаева С.К., т.ғ.к.

әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ доценті



Пікірлер(0)

Пікір қосу