«Нұр Отанды» айналдыра бермей шетте жүрген адамдарды да тарту керек

12 Сәуір, 2019 302

Қазір менің түсінігімде екі үкімет бар. Біреуі бұрынғы, екіншісі жаңа президент. Біздің министрлер екуіне де есеп береді екен. Осы қосақталған екі үкімет жетіскендік емес деп ойлаймын. Біз бір президентке үйренгенбіз. «Нұрсұлтан Әбішұлы өз өкілеттігін тоқтатты» дегенде жөн болған екен деп едім. Назарбаев «отыз жыл ел басқардым» деді. Осы отыз жыл Назарбаев басқарған дәуір деп тарихта қалу керек. Және қазақ әдебиетін зерттеген кезде де осы Назарбаев дәуірі деп қарастырған дұрыс. Алайда бұл отыз жылмен аяқталатын түрі жоқ, арғы жағында ауы мен бауы әлі де шұбалып жатыр.

Бір «Нұр Отанды» айналдыра бермей шетте жүрген адамдарды да тарту керек. Мәселен, Иманғали Тасмағанбетовті және жазықсыз жапа шегіп сырттай сотталып жүргендер бар. Президент ауысқанда соларға кеңшілік жасау қажет. Еш жазықсыз қудаланғандардың бірі Ғалымжан Жақиянов. Сондай-ақ, Әкежан Қажыгелдин, Жәкішевтердің бүлдіріп тастағаны шамалы. Оларды не үшін соттап, шетке қууымыз керек. Шетте жүрген сондай жігіттердің барлығын шақырып, ұлттың потенциялын толықтай пайдалданған жөн. Жазықсыз сотталғандарға кешірім берілсе екен, мына парламентте отырғандарға қарағанда солардың басы жақсы істейді.

Тасмағанбетов Мәскеуге елші болып кеткені үшін сайлауға түсе алмайды деп айтып жатыр. Олай болмайды, әрбірден кейін ол үкіметтің жұмысын атқарып жүр. Отыз жылға созылған Назарбаев дәуірі өз алдына дөңгелденді, енді дүние жаңарғаны дұрыс. Менің пікірім, сырттағы мықты азаматтардың барлығын жинап, ұлттың бар потенциялын пайдалана отырып әділ сайлау өткізу.

                                                                                                              Қабдеш Жұмаділов
                                                                                                                  (жазушы)

Пікірлер(0)

Пікір қосу