Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық белдікті жеңіп алды

13 Сәуір, 2019 152

Turkistan.kz ақпараттық порталы. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лос-Анджелесте (АҚШ) мексикалық Кристиан Олливасты жеңіп, орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas чемпиондық белбеулерінің иегері атанды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек жоспарланған 10 раундқа созылды. Уақытынан бұрын бірі біріне мықтылығын мойындата алған жоқ. Дегенмен, Жәнібек ширақ қимылдап, қарсыласынан қарымды екенін алғашқы раундтардан-ақ байқатты. Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп, бос болған екі бірдей чемпиондық белбеуді беліне тағынды.

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегінде-ақ чемпиондық белбеуді иеленді. Оған дейін елімізде екі кездесу өткізген. Барлық жекпе-жектерінде қарсыластарын айқын жеңіп келеді.

Әуесқой бокста Азия және Азия ойындарының жеңімпазы. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарды. Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Пікірлер(0)

Пікір қосу